04
декабрь
2025
ТРЕНАЖЕР ЗАЛЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
ТРЕНАЖЕР ЗАЛЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
Бүгін лицейімізде жаңа тренажер залының салтанатты ашылуы өтті. Бұл зал – оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануына, бос уақытын тиімді өткізуіне бағытталған тамаша бастама.
Игі шараның ашылу салтанатында ата-аналар комитетінің төрағасы мен әкелер кеңесінің төрағасы лента қиып, жасөспірімдерге ақ тілектерін білдірді.
Бұл бастама – лицейде білім алып жатқан әрбір жігіттің денсаулығына, тәртібіне, тәрбиесіне жасалған үлкен қолдау, нақты қадам.
Тренажер залының ашылуына мұрындық болған Алматы қаласы Білім басқармасына шексіз алғысымызды білдіреміз.
#СалауаттыӨмірСалты #БИЛспорт #ЖаңаЗал #ҰлдарЛицейі #АксайБИЛ