03
декабрь
2025
Біздің мектебімізге HKU (The University of Hong Kong) университетінің өкілдері келді
2025 жылғы 3 желтоқсанда мектебімізде шетелдік беделді жоғары оқу орны — The University of Hong Kong (HKU) университетінің өкілдерімен маңызды кездесу өтті.
Кездесу барысында оқушыларға:
Гонконгтағы білім беру жүйесінің ерекшеліктері,
HKU университетіне түсу талаптары,
Халықаралық гранттар мен оқу бағдарламалары,
Шетелде білім алудың мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Оқушылар қонақтарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға, халықаралық білім кеңістігіне деген қызығушылығын арттыруға үлкен серпін береді.
Мектеп ұжымы HKU университетінің өкілдеріне пайдалы кездесу үшін алғыс білдіреді және алдағы уақытта да осындай халықаралық ынтымақтастық жалғасады деп сенім білдіреді.