02
сентябрь
2025
Педагогтер жүргізуге міндетті құжаттардың тізбесі және олардың нысандары туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдар, жалпы білім беретін мектептердің даярлық сыныптары, лицейлер мен гимназиялар, сондай-ақ орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, кейінгі орта білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізуге міндетті құжаттардың нақты тізбесі және олардың нысандары бекітілген.
Аталған бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 сәуірде №20317 болып тіркелді және педагогикалық құжат айналымын реттеуге, артық есептілікті болдырмауға бағытталған.
Бұл құжат білім беру саласындағы әкімшілік жүктемені азайту, педагогтердің жұмысын жеңілдету және оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру мақсатында қабылданған. Бұйрықта әрбір білім беру деңгейі мен бағыты бойынша қажетті құжаттардың нақты тізімі және оларды рәсімдеу тәртібі көрсетілген.https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020317