04
май
2021
"Мен елімді сүйемін" атты қолөнер көрмесі
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 29 сәуірде технология пәнінің мұғалімі Касимов Рашиддинің ұйымдастыруымен "Мен елімді сүйемін" атты қолөнер көрмесі өтті. Көрмеге 7-11 сынып оқушылары жасаған қолөнер бұйымдары қойылды. Шебер оқушылардың дайындаған жұмыстары баршаны таңқалдырғаны сөзсіз. Оқушыларымыздың шеберліктері шыңдала берсін!