Мектеп
Байланыс телефондары:
+7(727) 222-44-11
+7(727) 256-88-06
Нашар
көрушілер нұсқасы
Волейбол турнирінде біздің лицейдің волейбол құрама командасы жүлделі ІІ орынды иеленді
30
март
2021
Волейбол турнирінде біздің лицейдің волейбол құрама командасы жүлделі
2021 жылы наурыз айында "Білім-инновация" ХҚҚ ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында өткен Республикалық волейбол турнирінде біздің лицейдің волейбол құрама командасы жүлделі ІІ орынды иеленді. Команда жетекшісі мен жеңімпаз спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
22
март
2021
Наурыз мейрамы құтты болсын!
22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні баршаңызға құт-береке, ырыс несібе, мол бақыт әкелсін. Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңитін кезеңі - Наурыз мейрамы құтты болсын!
«Білім-инновация» лицейлерінде қабылдау емтиханының 1-ші кезеңі
16
март
2021
---
«Білім-инновация» лицейлерінде қабылдау емтиханының 1-ші кезеңі
Қымбатты ата-аналар және 6-сынып оқушылары! ⠀ «Білім-инновация» лицейлерінде қабылдау емтиханының 1-ші кезеңі: аудандық кезең 2021 жылдың 17 сәуір күні, қалалық кезең 2021 жылдың 24-25 сәуір күндері өтетінін қуана хабарлаймыз. 2-кезеңнің өтетін мерзімі: 2021 жылғы 16 мамыр. ⠀ Тіркеу 2 наурыз бен 20 сәуірге дейін онлайн түрде жүзеге асырылады! ⠀ Қабылдау емтиханының ережесі мен қатысу нұсқаулығы туралы толығырақ біздің әлеуметтік желілерімізде жарияланатын болады. ⠀ Жаңалықтардан уақытылы
"Директорлық сенбі—ата-ана үні"
15
март
2021
"Директорлық сенбі—ата-ана үні"
"Директорлық сенбі—ата-ана үні" деген жоба бойынша директор 7 сынып ата-аналармен онлайн-кездесу өткізді. Күн тәртібінде: 1. Лицей жайлы жалпы ақпарат 2. Оқу-тәрбие процесі (үрдісі) жайлы 3.Сұрақ-жауап
Нұрасыл Бейсенбай  The Math League – Халықаралық математика лигасында топ жарды.
11
март
2021
Нұрасыл Бейсенбай The Math League – Халықаралық математика
Сүйінші! Біздің оқушымыз Нұрасыл Бейсенбай The Math League – Халықаралық математика лигасында топ жарды. Олимпиадаға әлем бойынша 16835 талапкер қатысқан. Екінші кезеңге оның 5672-сі, ал үшінші кезеңге үздік 629 оқушы өткен. Нұрасыл ең мықты бестіктің ішінен бірінші орын иеленді. Ол тапсырманы толық орындап, сайыс нәтижесінде ең үздік көрсеткішке қол жеткізді (100 балл алған). Нұрасыл, осындай биік тұғырлардан көріне бер!
Біздің лицей Республикалық Олимпиаданың Облыстық кезеңіңде жүлделі орындар алды
07
март
2021
Біздің лицей Республикалық Олимпиаданың Облыстық кезеңіңде жүлделі
Біздің лицей Республикалық Олимпиаданың Облыстық кезеңіңде жүлделі орындар алды: 4 алтын 9 күміс 19 қола иеленді. Орын алған оқушыларымызды шың жүректен құттықтаймыз!!!
«Білім-инновация» лицейлерінде қабылдау емтиханының 1-ші кезеңі
02
март
2021
«Білім-инновация» лицейлерінде қабылдау емтиханының 1-ші кезеңі
Қымбатты ата-аналар және 6-сынып оқушылары! ⠀ «Білім-инновация» лицейлерінде қабылдау емтиханының 1-ші кезеңі: аудандық кезең 2021 жылдың 17 сәуір күні, қалалық кезең 2021 жылдың 24-25 сәуір күндері өтетінін қуана хабарлаймыз. 2-кезеңнің өтетін мерзімі: 2021 жылғы 16 мамыр. ⠀ Тіркеу 2 наурыз бен 20 сәуірге дейін онлайн түрде жүзеге асырылады! ⠀ Қабылдау емтиханының ережесі мен қатысу нұсқаулығы туралы толығырақ біздің әлеуметтік желілерімізде жарияланатын болады. ⠀ Жаңалықтардан уақытылы
1 наурыз - алғыс айту күні
01
март
2021
1 наурыз - алғыс айту күні
Шұғылалы көктемнің алғашқы күні 1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке - Алғыс айту күні.Баршаңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, шексіз алғысымызды білдіреміз.Елімізде тек тыныштық пен ынтымақтастық болсын!